Комплаенс
«ҚазРосГаз» ЖШС «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту жөнінде шаралар қабылдады.
Комплаенс-офицер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына және «ҚазРосГаз» ЖШС Комплаенс-офицерінің қызметі туралы ережеге сәйкес тәуелсіз және «ҚазРосГаз» ЖШС Байқау кеңесіне функционалдық есеп береді.
Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты «ҚазРосГаз» ЖШС мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
«ҚазРосГаз» ЖШС лауазымды тұлғаларының кірістері туралы мәліметтер
2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту нысаны
![]() |
Бексултанова Айжан Айткалиевна Комплаенс-офицер ТОО "КазРосГаз"
e-mail: a.bexultanova@kazrosgas.kz Адрес: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Байзакова, д. 280 |
«ҚазРосГаз» ЖШС жедел желі заңнаманың және/немесе мінез-құлық кодексінің болжамды бұзушылықтары, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық жағдайлары, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету туралы ақпараттандыру арнасы болып табылатынын хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «ҚазРосГаз» ЖШС басшылығына ресми жүгіну үшін клиенттерді қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік сайттарында көрсетілген байланыстарды пайдалану қажет. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының, «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы беру тиіс.
ӨТІНІШТЕРДІ БАРЛЫҚ ТҰЛҒАЛАР ОРЫС, ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ТӨМЕНДЕГІ БАЙЛАНЫС АРНАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖІБЕРЕ АЛАДЫ:
8-800-080-47-47 (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін)
8-771-191-88-16 (WhatsApp Мессенджері)
mail@sk-hotline.kz (электрондық пошта)
www.sk-hotline.kz (интернет – портал)
